Magnum-дағы былық: күріш салынған контейнерден мысықтың нәжісі байқалды

Сағыныш Сардарова 09 янв. 2026 16:44

Әлеуметтік желі қолданушылары Шымкенттегі Magnum дүкендерінің бірінде түсірілген видеоны қызу талқылап жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Кадрларда күріш салынған контейнердің ішінде мысықтың нәжісі байқалады, сондай-ақ, екі мысық жүргені көрінеді.

Сауда желісінің мәліметінше, мысықтар түнгі уақытта тауар қабылдау кезінде дүкен ішіне кіріп кеткен. Таңертең сатып алушылардың бірі күріш салынған контейнерді ашық қалдырған, сол сәтте жануар ішіне түскен.

Дүкен әкімшілігі барлық күріш бірден алып тасталғанын, контейнер мен сауда залы санитарлық құралдармен толық өңделгенін хабарлады. Компания сатып алушылардан кешірім сұрап, санитарлық талаптар мен қызметтік аймақтарға жануарлардың кіруіне бақылауды күшейткенін мәлімдеді.

Сонымен қатар, дүкенде өзге де тауарларға қосымша тексеріс жүргізіліп, жауапты қызметкерлерге тәртіптік шара қолдану мәселесі қарастырылып жатқаны белгілі болды.


Рекомендовать
Последние новости