Назарбаевтың ескерткіші тоңқалаң асты

Сағыныш Сардарова 02 февр. 2024 11:02 5794


Алматыдағы көрмелердің бірінде Нұрсұлтан Назарбаев құлап бара жатқан мүсіндер көрмесі пайда болды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.


Kozachkov offside Telegram-арнасы мәліметінше, Алматыда Ербосын Мелдібековтің көрмесі ашылған. Ал көрмедегі ерекше көріністің бірі - тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев "құлап бара жатқан" инсталляция.


Бұл көрме Офицерлер үйінде орналасқан. 


Автордың сипаттамадағы мәліметінше, топтама мүсін қиратылған сәтте тұғыры ғана қалған Назарбаевтың ескерткіштері түріндегі инсталляциялардан тұрады.


Біріншісінде 1992 жылы Алматыдағы Дзержинский ескерткішінің қираған сәті; екіншісінде 1962 жылы Прагада Сталин ескерткіші жарылған сәт; үшіншісінде 2014 жылы Харьковтегі Ленин ескерткішінің құлап бара жатқан сәті; төртіншісінде 2003 жылы Бағдадтағы Саддам Хусейн ескерткішін қирату сәті; бесіншісінде 2022 жылы Талдықорғандағы Назарбаевтың өзіне қойылған ескерткіш құлатылған сәт екені аңғарылады.



 


 



Рекомендовать
Последние новости