Қазақстан мектептерінде буллинг мәселесі шешілмек: Министр жауап берді

Қаракөз Амантай 02 февр. 2024 10:41 2093


Премьер-министр Әлихан Смайылов 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 106 мектепте буллингке қарсы жұмыстың финдік моделі пилоттық режимде енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.



“Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық білім беру ұйымдары Нұсқаулыққа (2022 жылғы 30 наурызда Оқу-ағарту министрлігінің № 117 бұйрығымен бекітілген) сәйкес қауіпсіздік жүйелерімен жарақтандырылады. Бүгінгі таңда Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келетін білім беру ұйымдары 100 пайыз қауіпсіздік жүйелерімен (бейнебақылау камералары, жедел басқару орталығына қосылу, дабыл түймелері мен турникеттерді орнату, сондай-ақ күзет агенттіктерімен шарттар жасасу) жабдықталған. Жұмысты біркелкі және сапалы ұйымдастыру үшін барлық білім беру ұйымдарына зорлық-зомбылыққа, буллингке ұшыраған кәмелетке толмағандарды ерте анықтау және оларға көмек көрсету әдістемесі жеткізілді”, - деп атап өтеді Үкімет басшысы Сенат депутаттарына берген жауабында.



Смайылов әлем бойынша үздік әдістерге зер сала отырып, білім беру ұйымдарында буллингке қарсы жұмыстың финдік моделі енгізілетінін атап өтті. Осы тұста Финляндияның Турку университетімен бірігіп, 8 мыңнан астам мұғалім білім алатынын жеткізді.


“2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап республиканың 106 мектебінде бағдарламаны пилоттық режимде енгізу жүзеге асырылады. Оқушылар арасында алдын алу шараларын күшейту үшін әр мектепке ювеналды полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар мен жедел уәкілдер (барлығы 6,5 мың қызметкер) қатарынан полиция қызметкерлері бекітілді. 2023 жылы 14 мыңнан астам алды алу іс-шарасы өткізілді”, - деді Әлихан Смайылов.



Рекомендовать
Последние новости