"Алла разылығы үшін кешіріңіздер": Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған жігіттің видеосы тарады

Асхат Райқұл 02 февр. 2024 10:37 8982


Әлеуметтік желіде жедел жәрдем жүргізушісін ұрған сақалды жігіттің кешірім сұраған видеосы тарады. Сақалын қырып тастаған Нұрболат Дәкебаев бұл видеоны ұсталар алдында түсірген көрінеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.



– Ассалаумағалейкүм, барша қазақстандықтар, барша мұсылмандар, Қазақ елі! Мен 2024 жылы 1 ақпан күні өзім барып берілмекшімін. Себебі істеп қойған қиянатым күн бермей жатыр. Бәрінен, ақ халаттылардан кешірім сұраймын. Мен зиян тигізбек ойым болған жоқ. Ондай ойым болмаған, болмайды да. Жаңағы қол жұмсап, менен жәбір көрген бауырымнан мен кешірім сұраймын. Алла разылығы үшін кешіріңіздер. Қазақстандағы мұсылман бауырлар, барлықтарыңыз мені кешіріп қойыңыздар. Өз қателігімді түсініп отырмын, – деген күдікті Дәкебаев.



Айта кетейік, Қарағанды ​​тұрғыны жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққан болатын. Төреғали есімді жүргізушіның мұрны, қабырығасы сынып, көзі көрмей қалған. Полиция қызметкерлері төбелескен адамның кім екенін анықтап, кеше әлдебір қыстақтан қолға түсірді.


 




Рекомендовать
Последние новости