Мемлекеттік сатып алу талаптары күшейеді

Азамат Қойшығара 07 февр. 2024 11:32 32382

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент осы мәселені қаузады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ол қазір Мәжілісте мемлекеттік сатып алу туралы заң жобасы қаралып жатқанын атап өтті.

"Бұл құжатты пысықтап, жетілдіру қажет. Парламент депутаттарынан осыған ерекше мән беруді сұраймын. Ең алдымен, аудиторлардың қызметін реттеу керек", - деді Мемлекет басшысы.

Оның пайымынша, әркімнің заң нормаларын өз қалауына қарай икемдеп, түсіндіруіне жол беруге болмайды.

"Бұл – тауар, жұмыс және қызмет ұсынушыларға қойылатын талаптарға да қатысты мәселе. Олардың белгіленген мерзімді бұзғаны және жұмысты сапасыз орындағаны үшін жауапкершілігін күшейту қажет. Мұның, әсіресе, құрылыс саласы үшін маңызы зор.

Мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң ЕРС шарттарын қолдана отырып, инфрақұрылым жобаларын толық жүзеге асыруға мүмкіндік беруге тиіс. Бұл ретте ЕРС шарттарын жасауға дайындық шараларының мерзімі қысқа болуға тиіс. Сонда әкімдіктер басымдық берілген әрі шұғыл жүзеге асырылуға тиіс жобаларды тездетеді", - деді Тоқаев.


Рекомендовать
Последние новости