Шымкентте шенеунікті Антикор қызметкерлері жиналыс үстінде алып кетті

Сағыныш Сардарова 06 февр. 2024 09:38 12926

Шымкентте шенеунікті Антикор қызметкерлері жиналыс үстінде алып кеткен, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жиналыс кезіндегі видео қала әкімі Ғабит Сыздықбеков парақшасында жүктеді. Видеода әкім қызметкерлеріне адал қызмет ету керегін айтып, түсіндіріп жатады.

Бір сәтте жиналыс өтіп жатқан жерге Антикор қызметкерлері келіп, шенеуніктің қасына келіп, ұстап әкетеді.

"Бүгін тағайындалғаныма бес ай болды, келгеннен бері адал істеуді сұрап жатырмын. Мен білемін араларыңызда мемлекетшіл, адал кісілер көп. Көбіңіз сондайсыздар, сіздерге сенемін. Сенімді, ешкімді ауыстыратын ойым болған жоқ. Бірақ кеткен кісілерді де білесіздер, олар сөзге көнбегеннен кейін кетті. Бірақ, өкінішке қарай, арамызда сатқындар бар. Сөзге, уәжге тоқтамай, өткен жылдан бері артымыздан пышақ тыққанмен бірдей", - дейді Сыздықбеков.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің тарапынан қалалық басқармалардың бірінде басшы лауазымдағы азаматтың іс-әрекеттері күдік тудырғаны анықталған.

Ұсталған шенеунік тергеу жүретін уақыт аралығына қамауға алынған.

Айта кетейік, кеше, 5 ақпанда Антикор Шымкентте Тұрғын үй басқармасының басшысы қаланың сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бөлінген бюджет қаражатын жымқыру бойынша күдікті екенін мәлім еткен болатын.


Рекомендовать
Последние новости