Amanat партиясы жаңа премьердің кандидатурасын ұсынады

Н. Әубәкір 06 февр. 2024 09:10 2847

ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы Берік Уәли Amanat партиясы жаңа Премьердің кандидатурасын ұсынатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

– Конститутцияға сәйкес Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев билік басындағы Amanat партиясы ұсынған кандидатураны қарастырады, – деді Берік Уәли.  

Егер ұсынылған кандидатты Мемлекет басшысы қолдаса, бұдан кейін оған ҚР Парламенті Мәжілісі өз рұқсатын беруі керек.

Депуттатар жаңа кандидатты қолдағаннан кейін, ол жаңа премьер-министр ретінде қызметке кіріседі.

Бұдан кейін Үкіметтің құрамы жасақтала бастайды.

 


Рекомендовать
Последние новости