"Жанжал әйелдің тілінің ұзындығынан туындайды": депутат айтқан сөзімен сынға қалды

Сағыныш Сардарова 06 февр. 2024 10:09 2596

Депутат Анас Баққожаевтың отбасындағы жанжалға қатысты мәлімдемесі әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп жатыр,- деп хабарлайды Dalanews.kz.

Депутаттың сөзінше, отбасындағы жанжал көп жағдайда тілі ұзын әйелден шығады.

"Дегенмен ұрыстың бәрі ұрудан шықпайды ғой. Ерлерді де кішкене түсінуіміз керек. Басында жанжал туындайды. Жанжал неден туындайды? Әрине, әйелдің тілінің ұзындығынан. Мені әйел адамдар кешірсін. Бірақ ондай да фактілер бар. Қазақтың сөзі бар: "Жақсы әйел ырыс, жаман әйел ұрыс" дейді немесе "Ерге жаққан әйел елге де жағады" дейді. Біз қазақылықтан, қазақы тәрбиеден алшақтап бара жатырмыз", - деді депутат.


Ол отырысқа келген оқу-ағарту вице-министріне сұрақ қойып, оқу орындарында қыздарды инабаттылыққа тәрбиелейтін қандай сабақтар өтіп жатқанын да сұраған.

 


Рекомендовать
Последние новости