Украинаның Қазақстандағы экс-елшісі террористер мен экстремистер тізіміне қосылды

Сағыныш Сардарова 06 февр. 2024 13:15 2237

Украинаның Қазақстандағы экс-елшісі Петр Врублевский Ресейде террористер мен экстремистер тізіміне қосылды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Петр Врублевский қазақстандық блогер Диас Кузаировқа "Украинаның мақсаты орыстарды неғұрлым көбірек өлтіру екенін" айтқан болатын.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұханбет Қоныспаев Врублевскийді СІМ-ге шақырып, наразылығын білдірген болатын. Артынша Врублевский кешірім сұрағанына қарамастан қызметінен босатылды.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мұндай мәлімдемелерді қабылдауға болмайтынын және олардың елші лауазымына лайық емес екенін мәлімдеген еді.

Ал Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров "Украина тарапы мұны түсіністікпен қабылдағанын және кері қайтарып алу туралы келісімге келгенін" мәлімдеді.


Рекомендовать
Последние новости