Бектенов қандай істерімен қазақстандықтардың есінде?

Dalanews 06 февр. 2024 14:09 4531

Сонымен Олжас Бектенов «Аманат» фракциясынан еліміздің Премьер-министрі лауазымына үміткер, әзірге, деп жазады Dalanews.kz.

Ал О. Бектенов қазақстандықтардың есінде қандай істерімен қалды? Шолып көрсек...

• Бектенов басқарған жылдары Антикор 650 миллиард теңгеден астам қаражатты ел қазынасына қайтарды;

• «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы» енгізілді;

• Қаңтар оқиғаларын зерттеді және азаптаулар туралы хабарламаларға жан-жақты түсініктеме берді;

• Ол Мәжіліс депутаттарын партиялық тізім бойынша ғана емес, бір мандатты округтер бойынша сайлауды енгізу арқылы сайлау жүйесін реформалаудың артықшылықтары туралы баяндады;

• «Таяу жылдардағы маңызды экономикалық серпіліс» туралы жариялады;

• Президент Әкімшілігін оңтайландыру, қайталанатын құрылымдарды жою процесіне белсене қатысты.

«Кейбір әріптестер қазір бүкіл мемлекеттік аппаратта мені орынбасары жоқ жалғыз басшы деп әзілдейді. Бірақ бұл Әкімшілікке тек пайда әкелетініне сенімдімін», - деді Бектенов.

• Дебюрократизацияның қызу жақтаушысы;

«Қажетсіз қағаз айналымынан құтылу үшін гильотина әдісін қолдандық» - деген де Бектенов.

• Президентке шығармашыл жастарды мемлекеттік қызметке тартуға көмектесті;

«Қасым-Жомарт Тоқаев үнемі дарынды адамдарды іздейді. Мемлекет басшысы елімізге және шетелдерге сапарда болсын, кездесулер мен конференцияларда болсын, әр сұхбаттасушыға ерекше көңіл бөледі» - бұл да Бектеновтің сөзі.


Рекомендовать
Последние новости