Қазақстанда жаңа декларация үлгісі енгізіледі

Қаракөз Амантай 06 февр. 2024 12:37 2218

Қазақстанда жаңа декларация үлгісі енгізіледі, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мемлекеттік кірістер комитеті мәліметінше, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап кірістер мен мүлік туралы декларацияда көрсетілетін мәліметтердің тізімі қысқартылған.

"Төлем көзінен салық салынатын кірістерді (жалақы, депозиттер бойынша сыйақылар, зейнетақы төлемдері және басқалары) және Қазақстан Республикасында тіркелген мүлікті сатып алу және (немесе) иеліктен шығару және (немесе) өтеусіз алу туралы ақпаратты көрсету қажеттілігі алып тасталды", - деп хабарлады МКК.

Сонымен қатар кірістер мен мүлік туралы декларацияда (270.00-үлгі) мүлікті сатып алу бойынша шығыстарды жабу көздері туралы мәліметтерді көрсету міндеті "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген жеке тұлғаларға ғана жүктеледі, атап айтқанда:

 

  • жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқаратын тұлғалар және олардың жұбайлары;
  • мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар және олардың жұбайлары;
  • лауазымды тұлғалар мен олардың жұбайлары;
  • мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары.

"Қазіргі уақытта кірістер мен мүлік туралы декларацияға (270.00-үлгі) және оны жасау қағидаларына өзгерістер енгізіліп жатыр, бекітілгеннен кейін 270.00-үлгі Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелеріне енгізіледі. Бұл ретте, кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру мерзімінің аяқталуына байланысты, ағымдағы 270.00-үлгі бойынша міндеттемеңізді орындауға құқығыңыз бар", - деп толықтырды Мемлекеттік кірістер комитеті.

Білу маңызды: егер 2024 жылы "қабылданды" және "орналастырылды" мәртебесі бар кірістер мен мүлік туралы жарамды декларация (270.00-үлгі) ұсынылса, 270.00-үлгі бойынша декларацияны қайта тапсырудың қажеті жоқ.


Рекомендовать
Последние новости