Мәсімов отставкаға кетті

Dalanews 08 сент. 2016 10:49 918

Бұған дейін Қазақстан Үкіметінің басшысы қызметін атқарған Кәрім Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы қызметіне тағайындалды. 

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

«Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметінен босатылсын» деп жазылған хабарламада.

Айта кетелік, Мәсімов 2007-2012 жылдардың аралығында Қазақстан премьер-министрі қызметін атқарған. Сол жылдың қыркүйегінде Президенті әкімшілігінің жетекшісі болды. 2014 жылдың 2 сәуірінде Үкіметбасы қызметіне қайта оралып, 2015 жылдың 29 сәуірінде бұл қызметке қайтара тағайындалған еді.

Рекомендовать
Последние новости