ҚазҰУ студентінің басына ағаш құлап, ауыр жағдайда ауруханаға түсті

Dalanews 08 сент. 2016 07:36 908

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің маңында 18 жастағы қызға ағаш құлап кетті. Ол қазір ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне зардап шеккен қыздың әпкесі хабарлады.

– Біз ҚазҰУ-да бірге оқимыз. Сабақ сағат 16.00-де аяқталды. Менің әпкем Мөлдір Ержанова университеттен шығып, аялдама жаққа қарай жүрді. Сонда оның үстіне ағаш құлап кетті. Куәгерлер әпкемнің жағдайын көріп, жедел жәрдем шақырды. Мөлдір Қалқамандағы 7-ші ауруханаға жеткізілді. Жағдайы ауыр, ота жасату керек шығар. Әпкем есін жоғалтқан жоқ. Ол осымен екінші тәулік ұйықтаған жоқ. Оған комаға түспес үшін ұйықтамау керек деп айтқан екен, – деді Зере Жұмағалиева.

Туыстарының айтуынша, қыз география факультетінің екінші курсында оқиды.

dalanews-kaznu-kz01Клиникадағы дәрігерлер зардап шеккен қыздың денсаулығы жайлы айтып берді. «Науқастың жағдайы ауыр, ота жасау мәселесін талқылап жатырмыз. Дәрігерлер оның жағдайын бақылайды. Қыз жабық бассүйек ми зақымын алған, самай сүйегі сынған», – деп хабарлады №7 ауруханадағы №2 нейрохирургия бөлімінің орынбасары Ильдар Кұрманов.

Осы мәселеге байланысты Tengrinews.kz сайтына Бостандық ауданының әкімі аппаратының абаттандыру бөлімінің жетекшісі Ренат Сейдраманов түсінік беріп, студент қызға құлап кеткен ағаш жасыл әрі сау болған айтқан.

– Біз оқиға орнына бардық, қарап шықтық. Ағаштың бұтағы құлаған, ол жасыл әрі сау болған. Өлген ағаш болса, жауапты тұлғаларды жазалау мәселесі қаралар еді. Бірақ мұнда жағдай басқаша. Бұл табиғи құбылыс (...) Ағаш жасыл, сондықтан бұлай болу себебін білмейміз. Қыздың жағдайын білеміз, сауығып кетсін деп тілейміз, – деді әкімдік қызметкері.

Рекомендовать
Последние новости