Қазақстанның уақытша премьер-министрі болып Бақытжан Сағынтаев тағайындалды

Dalanews 08 сент. 2016 10:58 556

Қазақстанның уақытша премьер-министрі болып Бақытжан Сағынтаев тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланған Елбасында жарлығында айтылды.

«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндеттерін уақытша атқару Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевқа жүктелсін» — делінген Ақорданың сайтында шыққан Үкімде.

Бақытжан Сағынтаев қызметінің әр кезеңінде ҚР Премьер-министрі канцеляриясының жетекшісі, Павлодар облысының әкімі, Экономикалық даму және сауда министрі, „Нұр Отан„ халықтық демокартиялық саяси партиясы төрағасының бірінші орынбасары және Өңірлерді дамыту министрі лауазымдарында болған.

Рекомендовать
Последние новости