Кремль Путин мен Трамптың телефон арқылы сөйлескенін жоққа шығарды

Көркем Алдабергенова 11 нояб. 2024 16:10 1509

Кремль Путин мен Трамптың телефон арқылы сөйлескенін жоққа шығарды, - деп хабарлайды Dalanews.kz Nege.kz-ке сілтеп.

Кремль мәліметінше, Путин мен Трамптың телефон арқылы сөйлесіп, Украинадағы соғысты талқылағаны туралы ақпарат «ойдан құрастырылған».

«Ешқандай әңгімелесу болған жоқ. Тіпті, беделді басылымдарда жарияланатын ақпараттың сапасы осындай. Бұл шындыққа жанаспайтын жалған ақпарат», - деді Песков.

Журналистер Кремльдің баспасөз хатшысынан: «Ресей президенті АҚШ-тың жаңа сайланған президентімен жақын арада қандай да бір байланыс орнатуды жоспарлап отыр ма?», - деп сұрады. Песков әзірге нақты жоспар жоқ екенін жеткізді. 

Еске салайық, бұған дейін Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Дональд Трамптың президент сайлауында жеңіске жетуіне қатысты пікір білдірген болатын. 

Путин Трамп ержүрек екенін, оған жасалған шабуыл кезінде өзін ұстауы нағыз батылдық екенін атап өткен. Владимир Путиннің сөзінше, сайлау кезінде Трампқа жан-жақтан қысым жасалған. 

"Ол оңға не солға бұрылуға, артық сөз айтуға қорқатын жағдайға жетті. Өзін ерекше жағдайларға көрсете білді. Осы сәтті пайдаланып, Трампты жеңіске жетуімен құттытағым келеді", - дейді Путин "Валдай" пленарлық отырысында. 

Путин Трампқа телефон шалып құттықтауын ұят санамайтынын, бірақ әзірге хабарласу жоспарында жоғын айтты. 


Рекомендовать
Последние новости