Жетісу облысында әкім балабақша қызметкеріне жоқ үйдің кілтін табыстаған

Қаракөз Амантай 07 нояб. 2024 14:10 1928

Жетісу облысы Кербұлақ ауданының әкімі Қанат Есболатов Республика күні қарсаңында балабақша тәрбиешісі Галина Деминаға жоқ үйдің кілтін табыс еткен, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Іс-шара барысында аудан әкімі зейнеткерге  құны 8,7 миллион теңге тұратын үйдің кілтін салтанатты түрде табыстаған. Алайда бірнеше жылдан бері үйлі болуды армандаған Галина Деминаның қуанышы көпке созылмаған.

Себебі салтанатты табыстау рәсімі өткеннен кейін әкімдік оған үйдің жоқ екенін жеткізген.

Әкімдік Деминаға өз бетінше тұрғын үй табуды ұсынған. Зейнеткердің сөзінше, олар басында берген уәдесінен тайған.

“Мерекелік шарада маған үйдің кілтін табыстады. Қуаныштан көз жасыма ерік бердім. Бірақ демалыстан кейін қуанышым су сепкендей басылды. Олар маған үйдің жоқ екенін айтты”, - дейді ол.

Оның сөзінше, әкімдік баспананы 8,7 миллионға емес, 3,8 миллион теңгеге тауып келуін ескерткен. 

“Үйді өзім іздедім. Бүкіл ауылды аралап, бұл сомаға ештеңе таба алмадым”, - дейді Галина.

Әкімдік зейнеткерге екі апта бұрын баспана мәселесін шешіп беруге сөз берген көрінеді. Өкінішке қарай, содан бері үнсіз қалған.


Рекомендовать
Последние новости