Шымкентте желіде пікір білдіріп, лайық баспаған қызметкерлерге қырғидай тиген басшы жазаланды

Dalanews 18 апр. 2025 09:31 526

Басшылық желідегі жазба астына лайық деген белгі қойып, пікір қалдырмағандар жастардың тізімін құрып, олардың әбден жер-жебіріне жеткен. Осындай желідегі шағымннан кейін  Шымкент Жастар ресурстық орталығының басшысы тәртіптік жазаға тартылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жастар орталықтың желіде жариялаған жазбасына лайық басып, пікір қалдырмағандары үшін өздерінің жазбаша сөгіс алып, ауызша ескерту естігендерін айтады, деп хабарлайды 31 арна.

Ішкі  саясат басқармасы жағдайды екі қызметкер арасындағы ішкі жанжал деп атады. Басшы өзіне ешкім шағымданбағанын, ал "е-Өтініш" платформасына арыз жазба жарияланған соң бір күннен кейін келіп түскенін айтады.

"Өкінішке қарай, қазір алдымен әлеуметтік желіде шу көтеріп, содан кейін мәселемен айналысу сәнге айналған. Ия, бұл жағдайда орталық басшысы, аздап болсын асыра сілтеген. Қызметкерлерді лайық басуға мәжбүрлеу – дұрыс емес. Егер әлеуметтік желідегі "белсенділікті" шын қаласаңыз, онда шынымен де мазмұнды контент құруға күш салған дұрыс. Орталық басшысына қатысты тәртіптік жаза қолдану туралы шешім қабылданды", - деп түсіндірді ішкі саясат және жастар басқармасының басшысы Әйгерім Жұмағұлова.


Рекомендовать
Последние новости