Бүгін Орал қаласындағы «Оқушылар үйінде» облыстық «Жастар қалқаны – 2025» пікірсайыс турнирі өтті. Аталған іс-шара діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған, – деп хабарлайды Dalanews.kz БҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Турнирге өңірдегі 4 жоғары оқу орнының студенттері қатысып, «Қазақстан қоғамында діни экстремизмнің алдын алу үшін білім беру жүйесі түбегейлі өзгеруі керек пе?» деген қарар аясында пікір алмасты.
Пікірсайыс нәтижесі бойынша:
Бас жүлдені «Ақиқат» фракциясы жеңіп алды;
«Үздік мақала» номинациясы бойынша – Дүйсенғалиев Айдос;
«Үздік видеоролик» номинациясы бойынша – Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті марапатталды.
Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Аталған турнир – жастардың сыни ойлау қабілетін дамытуға, ел ішіндегі тұрақтылықты сақтауға және діни радикализмге қарсы иммунитет қалыптастыруға бағытталған маңызды шаралардың бірі.