Жақсы жаңалық! Франция қазақстандықтар үшін виза режимін жеңілдетуді қолдап отыр

Сағыныш Сардарова 18 апр. 2025 09:43 347

Франция қазақстандықтар үшін виза режимін жеңілдетуді қолдап отыр, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ішкі істер министрі Ержан Саденов жұмыс сапарымен Франция Республикасына және Нидерланд Корольдігіне барып, еуропалық және халықаралық полиция құрылымдарының басшылығымен бірқатар екіжақты кездесу өткізген.

Париж қаласында министр Франция Республикасының ішкі істер министрі Брюно Ретайомен келіссөздер жүргізіп, 2009 жылдан бастап қолданыстағы Қылмыспен күрес туралы келісім аясындағы өзара іс-қимылдың жай-күйін қараған.

Реадмиссия және көші-қон бақылауы саласындағы ақпарат алмасу мәселелеріне ерекше назар аударылған. Былтыр қол қойылған Реадмиссия туралы келісімді іске асыруға өзара дайындық пысықталған.

Француз тарапы Қазақстан азаматтары үшін Еуропалық одақ елдері тарапынан виза режимін жеңілдету рәсімін қолдауға дайын екенін білдірген.


Рекомендовать
Последние новости