Кеше түнде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Президенттер Қазақстан мен Ресейдің көпжақты ынтымақтастығы дәйекті түрде дамып келе жатқанын атап өтіп, бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысын талқылады", - деп жазылған хабарламада.
Бұдан бөлек, энергетика саласындағы ықпалдастыққа назар аударылған.
Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, алдағы кездесулердің кестесін қарастырды.