"Не лаборатария, не дұрыс орталық жоқ". Ашулы тұрғын Жеңіс Қасымбекті сынға алды

Ақтоты Жапатова 17 апр. 2025 17:44 670

Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің «Сарайшық» ауданының тұрғындарымен өткен есептік кездесуінде қала тұрғыны денсаулық сақтау жүйесіне қатысты мәселелерді көтеріп, жүйелі проблемаларды ашық сынға алды, - деп хабарлайды Dalanews.kz

«Денсаулыққа қатысты мәселе туындап отыр, 14 млн теңгенің дәрі-дәрмегі әлі жетпей жатыр. Қабылдауға да жазбады. Мен үнемі шетелге емделуге барамын. Себебі бізде не лаборатария, не дұрыс орталық жоқ. Үлкен орталықтарды ақша үшін ұстап отырмыз ба? Қажырым таусылды. 6 ота жасадым. Шетелде менің құжатыма да қарамайды. Ақшаң болса, емдейді. Мен пәтерімді 23 жыл күттім», - деді қала тұрғыны.

Қала әкімі мәселені жеке бақылауға алып, көмектесуге дайын екенін жеткізді. Алайда тұрғын әкімнің сөзін бөліп, бұған дейін де осындай уәделер берілгенімен, шынайы көмек көрсетілмегенін алға тартты. 

«Отадан кейін оңалту үшін қажет дәрі-дәрмектің құны – 450 мың теңге. Үнемі допинг қабылдап отыруым керек. Бірақ мемлекет тарапынан ақша бөлінбейді, дәрілер жоқ. Былтыр 20 литр қан құйылды», – деді ол.


Рекомендовать
Последние новости