Астанада соңғы қоңырау салтанатты түрде атап өтілмейтіні рас па - қала басшылығының мәлімдемесі

Dalanews 18 апр. 2025 10:19 639

Астана қаласының білім басқармасы қаланың кейбір мектептерінде түлектерге арналған салтанатты іс-шараларды өткізуге тыйым салынғаны туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Соңғы уақытта әлеуметтік желіде түлектері үшін мектеп қабырғасында салтанатты іс-шаралар өткізілмейтіні туралы жалған ақпарат тарауда. Осыған байланысты бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде хабарлаймыз", делінген хабарламада.

Басқарма мектеп түлектеріне арналған салтанатты іс-шара дәстүрлі форматта өтетінін нақтылайды. Түлектер лента тағынып, қоштасу вальсін орындап, естелікке суретке түсетін болады. Бірақ емтихан кезеңі қарсаңында ата-аналарға ұстамды болу және артық шығындардан аулақ болу ескертіледі. 

"Барлық түлектер үшін қауіпсіз және тең жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында сыртта салтанатты мерекелер өткізу, сондай-ақ ақша жинау, автошерулер және басқа да осындай форматта жиын-той құру ұсынылмайды", - деп атап өтті ведомстводан.


Рекомендовать
Последние новости