Жамбылда мектепке дейінгі мекеме басшылығы 45 млн теңге "жеп қойған"

Сағыныш Сардарова 18 апр. 2025 10:15 576

Жамбыл облысының прокурорлары ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру дерегін анықтады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қордай ауданының прокуратурасы мектепке дейінгі мекеменің жан басына шаққандағы қаржыландыруға арналған 45,2 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқыру дерегін анықтаған.  

"Екі жыл бойы балабақша басшылығы мектепке дейінгі ұйымға мүлдем келмеген балалар үшін заңсыз бюджет қаражатын алып отырған", - деп жазылған хабарламада.

2025 жылғы 11 наурызда ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру дерегі аудан прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2)тармағымен тіркелген.  

Тергеп-тексеру Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаментіне тапсырылды.


Рекомендовать
Последние новости