Қостанай облысында қазандықтың жарылуы: бір адамның жағдайы ауыр

Қаракөз Амантай 07 нояб. 2024 13:35 1757

Қостанай облысы Амангелді ауылында қазандық жарылғаннан кейін тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар модульді қазандыққа қосылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

6 қарашада мәдениет үйінде жеке тұрған қазандық жарылып, ғимарат құлаған. Салдарынан бір ер адам зардап шеккен.

Tengrinews дереккөзінің мәліметінше, қазандық жарылғаннан кейін үйлер тоқ және өзге де жылыту құрылғыларымен жылытыла бастаған. 7 қарашада аудан орталығына жылжымалы қондырғы жеткізілген.

"Блокты-модульдік қазандық (11 киловатттық екі айналым сорғысынан тұратын үш қазандық) жеткізілді. Сағат 9:30-дағы жағдай бойынша модульдік қазандықтарға құбыр тарту жұмыстары аяқталды, жылу берілді", - деп хабарлады Амангелді әкімдігі Tengrinews-ке.

Бүгінде модульді қазандыққа қосылған нысандар мен үйлердегі температура 18-20 градус.

Сондай-ақ қосымша резервтік қондырғылар орнату жоспарлануда, бұл болашақта осындай жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Жарылыс салдарынан зардап шеккен адамның жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. Дәрігерлер науқастың жағдайын бақылап отыр.


Рекомендовать
Последние новости