"Көзіміз жетті". Нұр-Сұлтан тұрғындары жаппай вакцина алуда

Dalanews 17 авг. 2021 07:28 741

Вакцинация бүгінде бүкіл әлемде коронавирустық пандемиямен күресудің жалғыз, тиімді жолы ретінде саналады. Вакцинаның арқасында ғана ұжымдық иммунитетті қалыптастырып, қалыпты өмір режиміне оралуға болады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Ғалымдар мен дәрігерлер вакцинацияланғандардың коронавирусты әлдеқайда аз жұқтыратынын, тіпті жұқтырған жағдайда да ауру жеңіл өтіп, өлім-жітімсіз аяқталатынын айтады.

Вирус үнемі құбылып отыратынын ескерсек, жұрт иммундаудан неғұрлым тез өтсе, соғұрлым қауіпті аурудың таралуын тоқтата алады.

Екпені стационарларда тәулік бойы пациенттердің денсаулығы үшін күресіп жүрген медицина қызметкерлері ғана емес, сонымен қатар қоғам қайраткерлері, спортшылар, әртістер, еріктілер, танымал тұлғалар мен елорда тұрғындары да қолдайды.

Вакцинацияның арқасында ұжымдық иммунитетті қалыптастырып, қалыпты өмірге оралуға, үлкен дастархан басында бас қосуға, жаттығуларға баруға, сүйікті жерлеріңізде серуендеуге, денсаулығыңызға алаңдамай кездесулер өткізуге мүмкіндік береді.

«Вакцина алғаннан кейін өзіңді жайлы сезінесің, өйткені, өзіңді осылай қауіптен қорғайсың. Вакцинация – өмірді қалпына келтірудің жалғыз жолы. Бәрінің вакцина алуын кеңес етемін», - деді елорда тұрғыны Гүлшарат Нұрғалиева.


Айта кетейік, бүгінде Нұр-Сұлтанда коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 376 мыңнан астам адам алды, ал 295 мыңнан астам азамат толық иммундаудан өтті.

Рекомендовать
Последние новости