Алматыда коронавирустан бір айлық нәресте көз жұмды

Dalanews 17 авг. 2021 08:38 787

Алматыда коронавирустан бір айлық бала көз жұмды. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Нариман Табынбаев айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

"Бұдан бір ай бұрын қаламызда бір айлық бала коронавирустан қайтты. Өкінішке орай, оның өмірін сақтап қала алмадық", – деді басқарма басшысы.

Оның атап өткеніндей, қазіргі күні коронавирус жұқтырған 195 бала ауруханада ем-дом қабылдап жатыр.

"Елімізде, соның ішінде Алматыда коронавирус жұқтырған бала саны артып келеді. Қазір 195 науқас бала ауруханада жатыр. 2500 бала үйден ем алуда. Екі бала жансақтау бөлімінде", - деді Нариман Табынбаев.

Айта кетелік, Алматыда коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай әлі де күрделі. Тәулігіне 1500- ден аса жағдай тұрақты тіркеліп отыр. Бұл жағдай 28 шілдеден бастап жалғасып келеді. Тамыз айынан бүгінгі күнге дейін 24,3 мың жағдай, жыл басынан бері 105,6 мың жағдай тіркелген.

Рекомендовать
Последние новости