"Қазақстанға 70 мың ауған келеді екен...". Министрлік ақпаратты жоққа шығарды

Dalanews 17 авг. 2021 07:24 759

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ауғанстанның 70 000 азаматын қабылдау туралы тараған ақпаратты жоққа шығарды деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Бұған дейін әлемжеліде Қазақстанға Ауғанстанның 70 000 азаматы келеді деген қауесет тараған. 

“Алғашқы 500 адам ұшақпен Шымкент әуежайына қонған, алдағы күндері тағы 1500 адам келеді” деп жазылған еді фейк ақпаратта.

Ауғанстаннан босқындардың келетіні және олардың Шымкент пен Түркістан облысына орналастырылатыны туралы ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігі жоққа шығарды.



– Бүгінгі күні тараған ақпарат шындыққа жанаспайды, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Ал Ақпарат министрлігі халықты тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырып отыр. 

Жаңалықтың шынайылығын тексеру үшін өзіңізді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp нөміріне жіберуіңізге болады. 

...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан босқындарына қатысты ешқандай шешім қабылдаған жоқ. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім еткен. 

Президент Ауғанстан босқындары туралы шешім қабылдаған жоқ. Бұған қатысты тараған ақпарат негізсіз. Дүниежүзілік ұйым басшылығы ресми өтініш білдірген жағдайда БҰҰ қызметкерлеріне ғана көмек көрсетілетін болады, деп жазды ол Facebook-те.

 

https://dalanews.kz/zheli/64227-olar-bizdi-botensigen-zhoq-tanymal-ga

 

Рекомендовать
Последние новости