Көксу ауданындағы ауылдарда балалардың ойын алаңдары салынды

Dalanews 01 нояб. 2023 08:53 1144

Бүгін Көксу ауданының Мәулімбай және Жарлыөзек ауылдарында балалар ойын алаңдары пайдалануға берілді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарлыөзек ауылында бұған дейін ойын алаңы болмаған. Сондықтан ауылдағы Идигов көшесінен арнайы орын белгіленіп, бір мезгілде 30 бала ойнай алатын жаңа алаң салу жоспарланған болатын.

Мердігер ұйым «АТС Build» ЖШС алаң құрылысын шілде айында бастап, белгіленген мерзімі – қыркүйек айының соңында аяқтады.

Жобаның құны – 18,5 млн теңгеге жуық. Нысан соңғы үлгідегі жабдықтармен қамтылған.



Осы күні Мәулімбай ауылындағы Жеңіс орта мектебінің жаңарған стадионы жөндеуден кейін пайдалануға берілді. Оған ағымдағы жөндеу жүргізіліп, 108 шаршы метр балалар ойын алаңы, 108 шаршы метр Workout спорт алаңы мен қоршаулы 800 шаршы метрлік шағын футбол алаңы салынды.


Бұл игі жаңалыққа балалар дән риза. Жеңіс орта мектебінің оқушысы Ақнұр Жетпісбай:

– Жасым 9-да, 4-шы сыныпта оқимын. Бұған дейін мектептің ескірген алаңында ойнайтынбыз. Қазір алаңның жаңарғанын көріп, қатты қуандық. Енді мұнда доп ойнап, әткеншек теуіп, турникте тартылып, спортпен емін-еркін шұғылданатын боламыз, – деді ол.



Стадионға жөндеу жұмыстарын атқарған мердігер ұйым – «Кенженова» ЖК айналасы 4 айдың ішінде жобаны аяқтаған. Жобаға 22,5 млн. теңге қаржы бөлінді.

Рекомендовать
Последние новости