Кентауда мемлекеттік 7-20-25 бағдарламасы бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде

Dalanews 03 дек. 2018 08:54 768

Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 27486шаршы метрді құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда167%артты(2017 жылы 10897 шаршы метр).

2018 жылы 10 айында Кентау қаласы бойынша 7 көп қабатты тұрғын үй кешенінің құрылыс жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 2 нысан (120 пәтер, жалпы құны – 898 млн.теңге, ауданы 7294 ш.м ) қараша айында толығымен қабылданып, пайдалануға берілді. 5 нысан 2019 жылға өтпелі (300 пәтер 2 340,8 млн.теңге, ауданы 16620 ш.м). Көпқабатты тұрғын үй кешенінің жалпы сметалық құны 3 238,8 млн.теңгені құрайды.

Ағымдағы жылы 5 дана 2 қабатты қызметтік үй құрылысы басталып, жыл соңына дейін пайдалануға тапсырылады. Пәтерлер саны – 54, жалпы ауданы – 2296,84 ш.м. Сонымен қатар 10 дана 5 қабатты 60 пәтерлі тұрғын үйлердің жобасы әзірленіп, 2019 жылы құрылыс жұмыстарын бастау жоспарлануда. Пәтер саны – 600, жалпы ауданы  33 470 ш.м құрайды.

Елбасымыздың «Бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа арналған үндеуіндегі айқын басымдықтарға орай түзілген мемлекеттік 7-20-25 бағдарламасы бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Яғни, Иқан және Шорнақ елді мекендеріндегі салынып жатқан екі қабатты 12 пәтерлік 2 тұрғын үйдің әрқайсысынан 1 пәтерден, Кентау қаласы ішіндегі 10 пәтерлік 1 тұрғын үйдің 3 пәтерін, Байылдыр, Хантағы елді мекеніндегі тұрғын үйлерден 1 пәтерден жалпы 7 пәтерді 7-20-25 бағдарламасы бойынша сату көзделген.

Рекомендовать
Последние новости