Кентауда 6 мыңға жуық адам жер кезегінде тұр

Dalanews 18 дек. 2018 11:51 855

Кентау қаласына өткен 12 ауылдық округтің жалпы жер аумағы 721745 гектар, оған Кентау қаласының 52767 гектар жерін қоса алғанда 774512 гектарды құрап отыр.

Оның ішінде: ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 394002 га, елді мекен жерлері – 71846 га, өнеркәсіптік көлік, байланыс, қорғаныс жерлері және ауыл шаруашылығынан басқа мақсаттарда пайдаланылатын жерлер – 5302 га, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері – 39424 гектар, орман қорының жерлері – 66145 гектар, су қорының жерлері- 3183 гектар, арнайы жер қорының жерлері – 194610 гектар.

Түркістан қаласынан қосылған 12 ауыл округін қоса алғанда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге түгендеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 328 жер пайдаланушы жалпы алаңы 23002 га жер анықталды, оның ішінде: 951 га суармалы егістік, 22051 га жайылым.

ҚР Жер кодексінің 48-бабына сәйкесбиылғы жылы 1 конкурс өткізіліп, нәтижесінде 12 лот бойынша 765 га  (оның ішінде жайылымы 735 га жайылым, 30 суармалы) жер телімі жеке және заңды тұлғаларға табысталды.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда Кентау қаласынан тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін сұраған 5969 жеке тұлға кезектілік тізімде тұр.

Рекомендовать
Последние новости