"Құлан" бағдарламасы: Кентауда жылқы шаруашылығы дамып келеді

Dalanews 18 дек. 2018 08:47 1624

Биылғы жылы Кентауда 46500 га жерді игеру жоспарланып, 48120 га жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. 2018 жылы жаңадан 900 га жер айналымға қосылу жоспарланып, 1396,1 га жаңадан  суармалы  жерлер  айналымға  қосылды.

Қарқынды бау шаруашылығы: 120 га қарқынды бау отырғызу жоспарланып, 2018 жылы 312 га қарқынды бау отырғызылды.

Жүзім шаруашылығы: 321 га жерге егу жоспарланып, 283,5 га жерге егілді.

Жылыжай құру: 27 га жерге жылыжай салу жоспарланып, бүгінгі таңға 22,9 га жерге жылыжайлар орнатылды.

Мал басы:  бүгінгі күнге ірі қара мүйізді- 99362 бас немесе 115,9%, уақ мал -527359 бас немесе 116,2%, жылқы -14182 бас немесе 102,7%, түйе -2449 бас немесе 105,9%, құс -121916 бас немесе 112,2% құрап отыр.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша: 1590 бас ІҚМ алу жоспарланып,2273 бас аналық сиыр алынса,

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша: 2638 бас саулық қой алу жоспарланып, 4897 бас аналық алынып тұқымдық түрлендіруге қатыстырылуда.

«Құлан» бағдарламасы бойынша:164 бас жылқы алу жоспарланып, 236 бас аналық алынып тұқымдық түрлендіру жұмыстарын  жүргізілуде.


Шағын мал бордақылау алаңдарын ашу: 328 бірлік шағын мал бордақылау алаңдарын ашу жоспарланып, 285 мал бордақылау алаңдары ашылды.

Жанұялық сүт фермаларынашу: 92 бірлік жанұялық сүт аулаларын құру жоспарланып, 85 бірлік жанұялық сүт аулалары іске қосылды.

2019 жылдың өнімі үшін ағымдағы жылы 5590 га жерге күздік бидай  егу жоспарланған. Бүгінгі таңға 5670 га жер айдалып, 5670 га  жерге күздік бидай  егілді.2018 жылғы күзгі дала жұмыстарына бөлінген  2145 тонна жанар-жағармай  шаруа  қожалықтарына  таратылды.

Рекомендовать
Последние новости