Жайықта су деңгейі әлі көтеріліп жатыр

Сағыныш Сардарова 10 мая 2024 09:52 5256

Атырау облысында Жайық өзеніндегі су деңгейі әлі де көтеріліп жатыр, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жайық өзеніндегі су деңгейі 9 мамырда сағат 20.00-де былай өзгерді:

  • Индербор +13 см, су деңгейі - 1005 см, шекті деңгейі - 845 см;
  • Махамбет +4 см, су деңгейі - 915 см, шекті деңгейі - 850 см;
  • Атырау қ. +3 см, су деңгейі - 525 см, шекті деңгейі - 550 см;
  • Жаңаталап ауылы +2 см, су деңгейі - 377 см, шекті деңгейі - 500 см;
  • Еркінқала + 2 см, су деңгейі - 337 см, шекті деңгейі - 450 см.

Айта кетейік, бұған дейін Атырау облысында су тасқынының екінші толқыны болуы мүмкін екені айтылды.

Ал әкімдік мәліметінше, су тасқынының алдын алу шараларының 92%-ы орындалған. Жұмысты тиімді жүргізу үшін қала 111 секторға бөлінген. Ұзындығы 482 км қорғаныс бөгеттері салынды, аяқталған учаскелер техникалық қадағалау арқылы тексерілді. Жұмыстарға ТЖМ, ІІМ, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық ұланның 6 мыңға жуық әскери қызметшісі, әкімдік қызметкерлері, 2 мыңға жуық техника жұмылдырылған. 


Рекомендовать
Последние новости