Жанболат Мамай өтірікке белуардан батқан – блогер

Dalanews 30 дек. 2021 09:11 823

Белгілі блогер Айдос Жұқанұлы белсенді Жанболат Мамайдың пресс-конференциясын көріп, әлеуметтік желіде ой бөліскен екен.

Блогердің парақшасында «Бүгінгі даудың басы Жанболаттың бітпейтін жыры, суайттығы һәм сауатсыздығы болып тұр. Кешегі онлайн пресс-конференциясын көріп, бұл сауатсыздықты таратуға бел шеше кіріскен бе дерсің», - делінген.

Одан әрі «Ж.Мамай дегенің өтіріктерін оңды-солды боратып, аузын көпіртіп міз бақпайды. Тағы не айтып жатыр екен, жаңа өтірік ойлап тауып па десем, сол ескісін илеп балшыққа белуардан батып отыр. Адам осыншама жартыбас, ақымақ болар ма! Қазір қараңғылық дәуірі емес қой, халық ақ-қараны бірден ажырата алады», - деп күйіне жазған.

Айдос Жұқанұлына Мамайдың қай сөзі немесе қай ісі ұнамағаны көп ұзамай белгілі болды.

Бұл туралы блогер «Б.Байбекке қарсы екі мың беттен тұратын дәлеліміз бар деп қайта-қайта сүйінші сұрай бергеніне жол болсын. Нақты дәлелге екі бет те жетеді негізі. 2 000 бет деген соң рас па екен деп, өткен жолы көзімізбен барып көрдік. Сондағысы интернеттен теріп алған қауесет сөз, жалған ұран, қиқым-сиқым. Үй тапсырмасын орындамаған оқушы интенеттен копировать-вставить етіп реферат жазып береді ғой, тура сондай. Бір емес екі сот отырысы өтті, сонда екі минутта нақты-нақты сөйлей алмай, екі мың бет дипломын қорғай алмай аузына құм құйылғанымен шаруасы жоқ», - деп жыр болған 2 000 парақты өз көзімен көрегенін айтқан.

Ол жазбасының соңында тағы бір шындықтың шымылдығын ашайын деп елді елең еткізді.

«Осы өтірігінің бәрін бетіне басайық дегендер кеше пікір жазып, сауал қойыпты, Жанболаттан жауап болмаған. Ұнатпағандарын блокка қойып, жойып жіберіп отырған. Ең болмаса солардың есесі кетпесін, тағы бір шындықтың шымылдығын ашайын.

Ж.Мамайдыкі пресс-конференция да емес, айфонмен түсірілген видеоролик. Ал оған қолдау білдіріп отырған Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы ұйым түріндегі Мамай. Көпшілігіңіз білетін де шығарсыз сол ұйымның жетекшісі Жовтиспен кезінде Мамай да, оның әйелі Иманбаева да бірге жұмыс істеген. Сонда бұл ұйымның өзі Суайттарды қорғау мен өтіріктерін сақтау жөніндегі бюро болғаны ғой. Сіздерге қызық болса тағы бір мәлімет – Жовтистің өзі жол ережесін бұзып адамның құқығы ғана емес, өмірін қиғаны үшін сотты болған екен. М-дааа...», - айтарға сөзім жоқ дегендей блогер пікірі көп нүктемен аяқталған.

Рекомендовать
Последние новости