Жаңаөзен тұрғындары жаппай наразылыққа шықты

Dalanews 02 янв. 2022 14:05 697

Жаңаөзенде тұрғындар жаппай митингке шықты. Олар газ қымбаттағанына наразылық білдірді. 

"Кеше, 1 қаңтарда газ бағасы 120 теңгеге дейін қымбаттады. Жаңаөзен тұрғындарын газ бағасын 60 теңгеге дейін төмендету туралы үндеуге қосылуға шақырамын", - деп жазды Facebook-те митингке қатысушылардың бірі Серік Бақтыбайұлы.

Сондай-ақ, ол оқиға орнынан тікелей эфирге шықты.

Митингке шыққандардың бір бөлігі автокөлікке арналған жолды жауып, көлік жүретін жерге шықты. Маңғыстау облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының қызметкері жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Сағат 11.00-де Жаңаөзендегі АХАЖ ғимараты маңында газ бағасын төмендету мәселесі бойынша автокөлік иелері жиналды. Қала әкімі міндетін атқарушы Ғалым Байжанов, қала әкімінің орынбасары Жаңабай Аймағамбетов және құқық қорғау органдары өкілдері оларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жиналғандарға газ бойынша істің мән-жайы және "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру туралы" заң түсіндірілді. Оларға бұл іс-әрекеттері заңсыз екені, өйткені әкімдікке митинг өткізілгенге дейін 5 күн бұрын хабарлау қажет екені айтылды", - деп мәлімдеді басқарма өкілі.

Қала әкімдігі өкілдері жиналғандарға өз талаптарын жазбаша түрде баяндауды ұсынды. Басқарма мәліметінше, түсіндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

[video width="234" height="426" mp4="https://dalanews.kz/wp-content/uploads/2022/01/270363607_880663485928845_1799607420032556181_n.mp4"][/video]

Маңғыстау облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бердібек Қартбаев газ қымбаттауына қатысты пікір білдіріп, республика бойынша газдың орташа бағасы литріне 110 теңге, көршілес Атырау облысында 115 теңге, Оралда 120 теңге екенін мәлімдеді.

"Қазір облыс бойынша соңғы тұтынушыға дейін газ бағасы 95-тен 115 теңгеге дейін өзгеріп тұр. 60 теңге мөлшеріндегі бұрынғы баға енді болмайды, өйткені қазір биржадағы газ бағасы - тасымалдау мен кәсіпкердің шығындарын есепке алмағанда, литріне 70-85 теңге. Әкімдік газ бағасын реттемейді, өйткені бұл тауар бәсекелестік нарыққа жатады", - деп түсіндірді ол.

https://youtu.be/OwGDRiFKUII

Рекомендовать
Последние новости