Газшылар балалардың жаңа жылдық тілектерін орындады

Dalanews 31 дек. 2021 09:25 839

Жаңа жыл қарсаңында «ҚазТрансГаз» ұлттық компаниясы  «Тілектер ағашы» қайырымдылық акциясын өткізді. Газ мамандары көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 270 балаға, сондай-ақ «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы мен №1 арнайы мектеп-интернатының тәрбиеленушілеріне сыйлықтар үлестірді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

 

Бастысы бүлдіршіндер Аяз Атаға тапсырыс берген сыйлықтарын алды. Олардың тілектерін «ҚазТрансГаз «ҰК» АҚ жастар кеңесінің қызметкерлері жинады, содан кейін оларды жаңа жылдық шыршаға шырша ойыншықтарымен бірге іліп қойды. Осыдан кейін компанияның әр қызметкері кез-келген хатты алып, онда сипатталған нақты тілекті орындай алады.

Балақайлардың тілектер тізімінде тәттілер, ойыншықтар, велосипедтер, смартфондар, смарт-сағаттар, портативті аудио колонкалар, музыкалық аспаптар, спорттық жабдықтар, Оқу құралдары мен кеңсе тауарлары, LEGO конструкторлары, планшеттер, ойын консольдері, құлаққаптар, жылы киім мен аяқ киім, тіпті мектеп парталары болды.

Қайырымдылық акциясының негізгі мақсаты – өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға қолұшын соза отырып, қолдау көрсету, өскелең ұрпаққа қамқорлық танытып, олардың балалық шақтағы проблемаларына назар аудару.

Жастар кеңесі өкілдерінің айтуынша, ҚазТрансГаз – әлеуметтік жауапты компания. Компанияның «ҚазТрансГаз Аймақ», «Интергаз Орталық Азия», «ҚазРосГаз» секілді еншілес кәсіпорындары өздері қызмет көрсететін аймақтардағы қайырымдылық шараларына үнемі атсалысып тұрады. Газшылар әрдайым қазақстандықтардың қажеттіліктеріне жауап беруге, қиын жағдайларда қолұшын созып, мүмкіндігінше көмек көрсетуге дайын.

Жастар кеңесі өкілдерінің айтуынша, ҚазТрансГаз – әлеуметтік жауапты компания. Компанияның «ҚазТрансГаз Аймақ», «Интергаз Орталық Азия», «ҚазРосГаз» секілді еншілес кәсіпорындары өздері қызмет көрсететін аймақтардағы қайырымдылық шараларына үнемі атсалысып тұрады. Газшылар әрдайым қазақстандықтардың қажеттіліктеріне жауап беруге, қиын жағдайларда қолұшын созып, мүмкіндігінше көмек көрсетуге дайын. Бұл бағытта «ҚазТрансГаз Аймақ»АҚ қызметкерлерінің оқшау Кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі жыл бойына нақты жоспар құрып, жоғарыда аталған шаралар сияқты арнайы шаралардың өтуіне өз септігін тигізіп келеді. Кәсіподақтың ықпал етуімен Компания қызметкерлері мен отбасы мүшелері шипажайлық-курорттық ем қабылдау мүмкіндігіне ие болып отыр. Бұдан өзге балаларды сауықтыру, тынығу мен мәдениетті, бұқаралық дене шынықтыру мен спортты, туризмді дамыту шараларын да компания кәсподағы ұйымдастырып келеді.

 

 

 




Рекомендовать
Последние новости