[caption id="attachment_16893" align="alignright" width="829"]

Қаратеңіз жағалауындағы Батуми қаласында маусымның 7 күні қала мэрі Георги Ермаков, ҚР Елшілігінен Мұратбек Мәдимарұлы, Грузия Республикасы қаржы министрлігінің орынбасары Дмитрий Гумсишвили, «SСAT» әуе компаниясының маркетиниг саласы бойынша президенті Александра Сытник бастаған, одан өзге туризм саласының мамандары мен туристік компаниялар, екі елдің журналистеріне арнап баспасөз мәслихатын өткізді.

Грузияда саяхатшыларға барлық жағдай жасалған. Бұл жайында «Біз бір-ақ рет келетін қонақтар үшін емес, туристердің қайталай келуі және тұрақты қонаққа айналуы үшін тамаша жағдайлар әзірлеуге тырыстық» дейді қала мэрі. Бұған қызмет көрсетудің сапалығы және қаржылық тиімділігі, қауіпсіздік, туристерге қала халқының кішпейіл қарым-қатынасы оң ықпал етерін де естен шығармады. Әсіресе, қазақстандық туристердің осы қалаға келулері үшін әуежолының ашылуы қуантарлық жайт екенін де естен шығармады.



[caption id="attachment_16905" align="alignright" width="435"]

Мыңдаған туристер арнайы осы кеш үшін келсе, жалпы қатысушылар саны 35 мыңнан астам адамға жеткен. Жыл басынан бері Қазақстаннан 12 мыңға жуық саяхатшы келген. 2015 жылы 35 мыңнан астам Қазақстандықтар Гурзия еліне саяхаттаса, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 30 пайызға артқан. Қазақстанды туризм саласындағы Грузия Республикасының экономикасына әсер етуші ел екенін айтқан Гумсишвили биылғы жылы 50 мыңнан асатын шығар деген үміті бар екенін жасырмады. Айтпақшы, Батуми қаласының портында көптеген қазақстандық компаниялар да жұмыс істейді.
[caption id="attachment_16898" align="alignright" width="402"]

Жоғарыда айтқанымыздай, Туризм ұлттық агенттігі тек бес ай көрсеткішінде 2 миллион 150 мыңдай турист Грузия еліне саяхаттағанына қарағанда биылғы жылы рекордтық межеден асатындығын жоспарлап отыр. Жалпы 88 пайыз саяхатшыны жақын шетелден келушілер құрайды екен. Оның 27 пайызға жуығы Қазақстандықтар. «Биылғы жылы 5 маусымда «Scat» әуе компаниясы «Ақтау – Сочи, Ақтау – Батуми» бағытында халықаралық жаңа реистерге жол ашты. Арнайы тағайындалған «Boing 737» ұшағы Алматы, Астана, Шымкент, Атырау және Ақтөбе қалаларынан Батуми қаласына Ақтау арқылы ұшуға жағдай жасалған» деді осы компанияның маркетинг саласы бойынша вице-президенті Александра Сытниг. Оның айтуынша, қазіргі кезде әуе рейсінің бұл бағыттағы бағалары да қолжетімді.
[caption id="attachment_16899" align="alignright" width="411"]

Жер көлемі шағын, төрт миллиондай жан саны бар Грузия мемлекеті айтса айтқандай көркем табиғатымен, тарихи архитектурасымен жаныңызды баурайды. Астанасы Тбилиси қаласы ескі және жаңа болып екіге бөлінеді. Бір таңғаларлығы, Кеңес одағынан отау бөлген ел бола тұра, грузин жастары орыс тілінде мүлдем сөйлемейді. Тіпті, білмейді де. Өз ана тілін құрметтейтін грузин қарттары ғана орыс тілінен хабардар. Әйтеуір қонақтармен тілін бұрап тілдесе алады. Ал жастар жағынан бірдеңе сұрай қалсаңыз, ағылшын не өз ана тілінде жауап береді.
Тбилисиден басқа әйгілі «Боржоми», «Артезиян» сусындарымен аты шыққан Боржоми қаласында Түркия және Қазақстан компаниялары бірлесіп ашқан «REXOS» қонақ үйінде демала аласыздар. Тарих қатпарларынан сыр шертетін тау үңгірлері қаласының сан ғасырдың алдында қашалған шіркеулер мен тұрғын үйлер және шарап ашытатын орындары таң қалдырмай қоймайды.
[caption id="attachment_16900" align="alignright" width="719"]

Қазіргі атауы Вардзиа және Ахалцихе секілді табиғаты шұрайлы аудандар әлі күнге дейін шарап ашыту және ауылшаруашылық жұмыстарымен айналысуда. Аджари, Тельави, Местия, Гудаури, Букариани аймақтарында табиғи фермерлік өнімдермен тамақтанып, емдеу-сауықтыру курорттарында ем алуға әбден болады. Бұл орындардың бәріне барып-қайтуға арнайы шағын автобустар мен таксилер қызмет көрсетеді. Мыңдаған жылдардан сыр шертетін тарихи храмдарға кіріп, тамашалау тегін.
[caption id="attachment_16901" align="alignleft" width="363"]

Тбилиси қаласына қайта соғар болсақ, ескі қаланың ең көркем, еңселі тұсында «Грузиндер анасы» атты монумент бірден көз тартады. Қаланың әр жерінде сол тектес ескерткіштер мен мәдени-тарихи ғимараттар сап түзесе, ежелгі тарихи моншаға қолжетмді бағамен кіре аласыз.
Әлемде тыныштық жағынан алдыңғы ондықтың қатарындағы елдің бірі осы – Грузия. Экономикалық даму жағынан жалпы көрсеткіште әлем бойынша 23 орынға тұрақтаған. Кеңестік елдердің ішіндегі дамуы едәуір жоғары елдің бірі. Жалпы орташа жалақы 500 лари (75000тг), ал зейнетақы 120 лари айналасында. Бұл көрсеткіш халық тұрмысының тым жоғары емес екендігін білдірсе де, қрапайым жұртшылық ақкөңіл, ашық-жарқын, өз күндерінің көңілді өтіп жатқанына риза. Қонақжай Грузин еліне әлемде 94 мемлекет визасыз режиммен барып, үш ай бойына саяхаттай алады. Мұның ішінде Қазақстан Республикасы да бар.

Шаттық БАТАН.