Білім берудегі инновациялар мен тәжірибе – уақыт талабы»

Dalanews 28 июн. 2016 05:33 1288

Маусым айының 23-24 күндері Павлодар қаласында II Республикалық Педагогикалық оқулары өткізілді. Педагогикалық оқуларды өткізудің бастамашылары- Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ. Педагогикалық оқулар қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогі, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсаринге арналады, биыл Ы.Алтынсариннің туғанына 175 жыл толып отыр.

Педагогикалық оқулардың негізгі мақсаты- білім беру саласында қызметкерлердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру, ең үздік инновациалық педагогикалық тәжірибені жалпылау және кеңінен тарату.
Педагогтердің ғылыми- зерттеу әрекетін ынталандыру, талантты педагогтерді анықтау, оларды қолдау және мадақтау, педагог- зерттеуші еңбегінің беделін арттыру, педагогикалық тәжірибені жалпылау түрлерін жетілдіру, педагогтердің ғылыми- әдістемелік және практикалық қызметін насихаттау- педагогикалық оқулардың міндеттері болып табылады.
dn3Жалпы республикалық педагогикалық оқуларға 7803 білім беру ұйымдарынан 32824 педагог қатысты. Аудандық (қалалық) және облыстық кезеңдердің қорытындысы бойынша 122 ең үздік қорытынды жұмыс республикалық кезеңге ұсынылды.
II Республикалық Педагогикалық оқуларының жұмысына Рахымжанов Әмірхан Мұратбекұлы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің жауапты хатшысы қатысты. Ол педагогикалық форумға қатысушыларына құттықтау сөздерін жолдап, мемлекетіміздің білім беру саясатының негізгі бағыттарын белгіледі. Өз сөзінде Әмірхан Мұратбекұлы «Өрлеу» БАҰО» АҚ Қазақстан Республикасының БжҒДМБ стратегиялық бағытын жүзеге асырудағы қызметіне жоғара баға берді: «Біздің барлық күш- жігеріміз басты міндеттерді шешуге бағытталуы тиіс – бұл тәрбие жағдайын қамтамасыз ету, тиісті өмір талаптарына және нарықтық экономика жағдайына сай, өз білімі мен мәдениетін үздіксіз арттыру қабілеті бар, әлемдік ақпараттық кеңістікте интеграцияланған, еркін және сын тұрғысынан ойлай алатын тұлғаны дамыту». Сонымен қатар, ол «Өрлеу» БАҰО» АҚ Қазақстан Республикасының БжҒДМБ стратегиялық бағытын жүзеге асырудағы қызметіне жоғара баға берді.
Педагогикалық оқулардың жұмысы стратегиялық зертханалар форматында 8 басым бағыт бойынша ұйымдастырылды. Бұл білім беруді дамытудың басым бағыттары бойынша педагогтердің өз жұмыс тәжірибесін ұсынуы алдағы білім мазмұның жаңарту кезеңімен байланысты жаңа міндеттерді шешуге бағытталған көптеген инновациялық идеяларды көруге мүмкіндік берді. Педагогикалық оқуларға қатысушылардың жұмысы әр түрлі формада ұсынылды: инновациялық жоба; авторлық бағдарлама; білім беру ұйымының даму бағдарламасы.
dn14Педагогикалық оқуларда 2016-2019 жж арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес білім мен ғылым жүйесінің негізгі трендтерін айқындайтын сұрақтар қарастырылды: үштілді оқытуды енгізу, білім мазмұның жаңарту, АК құзыреттілікті жетілдіру, мобильді оқытуды енгізу, білім беру ортаның басқарушылық, ғылыми- әдістемелік, технологиялық және ресурстық негізін жаңарту, тұлғаны әлеуметтендіру, «Мәңгілік Ел» ұлттық идея мәнмәтінінде тәрбиелеу, техникалық және кәсіби білім беру жүйесін модернизациялау.
Сараптамалық қазылар алқасы қатысушылардың жұмысын бағалау барысында педагогтердің жұмыс мазмұнының инновациялылығын, оның тәжірибелік бағытын атап өтті. Кешенді бағалау барысына қатысушылардың презентациялық біліктілігі де ескерілді.
Мұғалімдер мен білім беру ұйым басшыларының шығармашылық жұмыстарының мазмұнының тереңдігі көбінесе педагогикалық зерттеулерге ғылыми көзқарасты қамтамасыз етті. Комиссия мүшелерінің айтуы бойынша, ұсынылған жұмыстардың көбінде инновациялық идеялар басым, олар алдағы уақыттағы білім мазмұның жаңарту мәселелері бойынша міндеттерді шешумен байланысты болады. Сонымен қатар, қазылар алқасы қатысушылардың ішінде бірігей тәжірибесімен және жекелей ерекше қасиеттерімен көзге түскен мұғалімдер мен мектеп басшыларын атап өтті.
Екі күндік Педагогикалық оқулардың қорытындысы бойынша Республикалық Педагогикалық оқуларының жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:
Бірінші дәрежелі дипломмен және 89000 теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды:
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
Нысанбаева Бекзат Бейбітқызы, Алматы қаласы
Бастауыш білім беру
Жаксылыкова Жанара Жумагуловна, Павлодар облысы
Орта білім беру
Еликбаева Айгуль Мамырбековна, Алматы облысы
Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру
Сейтбек Медет Мешітбекұлы, Муханова Куралай Аблайхановна, Караганды облысы
Қосымша білім беру
Бугинас Брониславас Казисович, Астана қаласы
Техникалық және кәсіби білім беру
Байбусынов Нурзат Серикович
Мылтыкбаева Жаннат Толеубековна, Астана қаласы
Жоғары білім беру
Шаяхметова Айсулу Алкешовна, Акмола облысы
Педагогикалық менеджмент
Аубакирова Алма Медетовна, Келдибаева Бахтыгул Омархановна, Шайхынова Турсынгуль Сагатбековна, Шығыс Қазақстан облысы.
Екінші Республикалық Педагогикалық оқуларының үздік командасы болып Астана қаласының командасы аталды.

1.1Марапаттау рәсіміне облысымыздың ЖОО-ның ректорлары қатысты: Алтынбек Нухулы, химия ғылымдарының докторы, профессор, Павлодар мемлекеттік педагогика институтының ректоры; Фрезоргер Лариса Анатольевна, Еуразиялық Инновациялық университетінің қаржы және даму жөніндегі вице-президенті; Нургожин Ринат Жаскайратович, С.Торайғыров атындағы ПМУ академиялық қызметті басқару Департаментінің директоры. Олар жеңімпаздар мен жүлдегерлерді ЖОО-мен ұйымдастырған бағалы жүлдемен және сыйлықтармен марапаттады.
Педагогикалық оқулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!

Қоғам игілігіне бағыттап отырған ерен еңбектеріңіздің еліміздің нығаюына өзіндік үлесі бар. Осынау игілікті істе қанаттарыңыз талмасын, қажыр-қайраттарыңыз қашанда арта берсін, сіздерге шығармашылық табыс тілейміз.


«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Павлодар облысы
бойынша ПҚ БАИ баспасөз орталығы


Рекомендовать
Последние новости