Желаяқ шенеуніктер

Dalanews 26 июн. 2016 10:58 992

Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Астанада өтіп жатқан дуатлоннан турнир аясында 15 шақырымдық велоқашықтықты бағындырды.

dalanews karim_masimovАтап айтар болсақ, веложүру барлық жарыстың үш кезеңінің екіншісі болып табылады. Бұған дейін қатысушылар 5 шақырым жүгіріп өтті. Соңғы кезеңде – қайтадан 5-шақырымдық қашықтыққа жүгіру.

Қашықтық бойы Кәрім Мәсімов жақсы дене дайындығын көрсетіп, көшбасшы топтардың бірінде келеді.

Министрлер кабинетінің басшысы екінші кезеңді аяқтаған кезде кейбір қатысушылар әлі бірінші кезеңді аяқтамаған болатын. Алайда, марафонды аяқтап қойғандар да бар. Олардың ішінде: «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма Төрағасы Болат Жәмішев.

Естеріңізге салсақ, 26 маусымда Елорда күнін мерекелеуге арнап Астанада екінші рет дуатлоннан ашық қала турнирі өтіп жатыр. Биыл жарыс қатысушылары 25-шақырымдық қашықтықты бағындырады. Бұл арақашықтық кездейсоқ таңдалған жоқ – жолдың ұзақтығы мерейтойлық дата - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығымен сәйкес келеді.

dalanews karim_masimov02

«Астана-дуатлон-2016» жарысына 16 жастан асқан барлық тілек білдіргендер қатыса алады.

 

Дереккөзі: ҚазАқпарат

Рекомендовать
Последние новости