Германия орыстың көмірі мен мұнайынан қашан бас тартатынын айтты

Dalanews 13 июл. 2022 13:13 1127

Германияның Қаржы министрі Йорг Кукис Синдейде өткен энергетикалық форумда Ресейдің көмірі мен мұнайынан сатып алуды қашан тоқтататынын ашып айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Йорг Кукистың айтуынша, немістер 1 тамыздан бастап Ресейден көмір сатып алуды күрт тоқтатса, мұнайды 1 желтоқсаннан бастап тоқтатпақшы.

Германияның Қаржы министрі ең қиын кезең алда екенін атап өтті. Ол бірқатар ЕуроОдақ елдері Ресейден алдағы уақытта 158 млрд текшеметр газ сатып алуын тоқтатқанда, көптеген қиындықтар туындауы мүмкін екенін жасырмады.

Бүгінде Ресей Германияға қажетті көмірдің 40%-ын, мұнайдың да 40%-ын тасымалдап отырғаны белгілі. Аз ғана уақыт ішінде өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмай тығырықтан шығу неміс билігіне үлкен сын болып тұр.  


Қазіргі таңда Германия сұйытылған газды қабылдайтын терминалдарды кеңейту ісімен қарқынды түрде айналысып жатыр. Осылайша олар Ресей газына тәуелділіктен құтылудың амалын қарастыруда.

Алдағы уақытта Катар мен АҚШ Еуропаға 30 млрд текшеметр сұйытылған газ жеткізуге көздеп отыр. Осылайша ЕуроОдақ елдері қыстың көзі қырауда Путин газ құбырының шүмегін кері бұрап қоюынан қауіптеніп, қазірден бастан қамданып жатыр.

Рекомендовать
Последние новости