Инустриялды даму. Соколов-Сарыбай кен байыту кәсіпорны қалай жаңарды?

Dalanews 22 авг. 2022 14:38 2088

Елiмiзде отандық өнеркәсіптің көсегесін көгертіп, қанатын кеңге жаюына үлкен үлесiн қосып отырған Инустриялды даму бағдарламасы еліміздің ырысын арттырып келеді. Тәуелсіз еліміздің тарихында маңызы мен мәнi жағынан шоқтығы биік бағдарламаның бірі болды десек қателеспейміз. Алғашқы кезеңі 2010 жылдан бері жүзеге асып келе жатқан бағдарлама әлі де өзінің жалғасын табуда.

Индустриялды даму бағдарламасы бірінші кезекте еліміздегі осыған дейін жұмыс істеп, мыңдаған адамды жұмыспен қамтып отырған өндіріс орындарының заман талабына сай жұмыс істеуіне серпін берді.

Сонау Кеңес заманында қабырғасы қаланған ірі зауыт-фабрикалардың өндірістік мүмкіндігі заман ағымына жауап бермейтін еді. Кеңес дәуіріндегі ескі технологиямен өнім өндіріп, өнеркәсіп саласын өркендету мүмкін емес. Ескі өндірісті сүріп тастап, оның орнына жаңасын салу да тиімсіз. Осыны басшылыққа алған Үкімет өндіріс орындарына күрделі модернизация жұмыстарын қолға алған болатын. Осылайша, Индустриялды даму бағдарламасы еліміздегі өндіріс орындарының екінші тынысын ашты.

Қостанай облысындағы Соколов-Сарыбай кен өндiрiстiк бiрлестiгін жұрттың бәрі біледі. Кезінде бұл өндіріс ошағы қазақ жазушыларының басты нысанына айналып, еңбек адамының бейнесін жасауда әдеби шығармалардың өзегіне айналған-ды.

Соколов-Сарыбай кен өндіру өнеркәсібі өз заманында Кеңестер Одағында іргелі өндіріс ошақтарының бірі болғаны белгілі. Қазақстан тәуелсіздігін алып, жеке-дара ел болған сәтте өндіріс ошағы әбден ескіріп, технологиялық тұрғыдан артта қалғаны жасырын емес. Индустриялды даму бағдарламасы аясында кәсіпорын адам танымастай өзгеріп, кен байыту саласындағы озық технологиялармен жабдықталып, ел дамуына өзіндік үлесін қосуда. Осы ретте Индустриялды даму бағдарламасы Соколов-Сарыбай кен байыту комбинатын қалай өзгертті деген сұраққа жауап бере кетсек.

Индустрияландыру картасы аясында өндіріс ошағының №17 технологиялық секциясы заман талабына сай жаңарды. Жаңарып, жаңғарудың кәсіпорын темiр концентратын шығаруды 18 миллионға дейін арттыру мүмкіндігіне ие болды. Өндіріс ошағы кешенді жаңғырудың арқасында өндірістік қуатын арттырып, өндіріске заманауи технологияларын ендірді. Қазір кәсіпорын әлем бойынша темір-кен нарығында өз позициясын нығайтып, дүниежүзіндегі жетекші тау-кен өндіру кәсіпорындарының қатарына кіріп отыр.

Мұның бәрі заман талабына сай жаңғырту жұмыстарының жемісі десек болады. Соңғы уақыттары Соколов-Сарыбай кен байыту кәсіпорнында «Ақылды карьер», «Ақылды байыту фабрикасы» жобалары іске асып, жұмыс барысы мейлінше, автоматтандылғанын атап айтуға болады. Айталық «Ақылды карьер» жобасы аясында карьердегі жағдайды мониторингтеу, қажетті түзетулерді енгізу және жабдықты оңтайлы бөлудің бәрін компьютерлер жүзеге асырады. Осылайша, Индустриялды даму бағдарламасы баяғыдан келе жатқан кәсіпорындардың тынысын ашып отыр. Бұл индустрияландыру картасы аясында іске асып отырған көп жобалардың бірі. Аталмыш бағдарлама еліміздегі ондаған кәсіпорынның тынысын ашып, заман талабына сай жұмыс істеуіне мүмкіндік берді. Сондықтан Индустиялды даму бағдарламасы ел экономикасын бәсекелестік жағдайда дамуына барынша ықпал етіп отыр ден нық сеніммен айтуға болады.

 

Рекомендовать
Последние новости