"Ресейге өтпек болған". Кәрім Мәсімовтың інісі ұсталды

Dalanews 13 июл. 2022 14:57 631

ҰҚК-нің экс-басшысы Кәрім Мәсімовтың інісі Нұрлан Мәсімов шекарадан өтпек болған кезінде ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, Нұрлан Мәсімов Ресейге өтпек болған жерінен ұсталған

“Ағымдағы жылғы 13 шілдеде антикоррупиялық қызметі шекара қызметімен бірлесіп жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысының аумағында Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекараны жалған құжаттар бойынша өту әрекеті кезінде Нұрлан Мырзаханұлы Мәсімовті ұстады”, – делінген агенттіктің хабарламасында.



Айта кетсек, Павлодар облысы полиция департаментінің экс-бастығы аса ауыр коррупциялық қылмыс жасағаны үшін іздеуде болған еді.

Рекомендовать
Последние новости