Гендерлік теңдік және ҚазҰУ           

Dalanews 16 окт. 2023 04:13 1041

Қазақстан Республикасы БҰҰ мүше бола отырып Тұрақты Даму Мақсаттарын жүзеге асыру барысында ауқымды іс шаралар жүргізуде.

Сондай іс-шаралардың бір бөлігі ҚазҰУ-нің Қылмыстық құқық, Қылмыстық іс жүргізу және процесс кафедрасында жүргізілуде. Қазіргі таңда гендерлік теңдік Қазақстан аумағында ауқымды мәселе болып табылады. Оны шешу мақсатында әртүрлі іс шаралар, әрекеттер жасалу үстінде.

Оның бірі ҚазҰУ Қылмыстық құқық, Қылмыстық іс жүргізу және процесс кафедрасының екінші курс магистранты Карабаева Жансая Абілқасымқызының №176 мектеп-гимназиясында 9-сынып оқушылырына «Гендерлік зорлық-зомбылыққа жол жоқ» тақырыбында өткізген дәрісі.

Осындай дәрістер өткізу арқылы біз өскелең ұрпаққа гендерлік теңдіктің маңызын, оның мақсатын анық, айқын көрсете отырып оларға үлкен түсінік беріп, құқықтық сана қалыптастыруға тырысамыз. Осындай кішігірім шаралардың арқасында мыңдаған жас ұрпақтың санасына өзекті мәселелерді жеткізе отырып, болашақта құқықтық мемлекет құра отыра гендерлік теңсіздік мәселесін шешуде үлкен жетістіктерге жетеміз деген ойдамын.

Бұл біздің болашағымызға жасап жатқан инвестициямыз. Және осы инвестицияның нәтижесін, жақсы тұстарын алдағы уақытта көру біз үшін үлкен жетістік болмақ.


Ал бұл ҚазҰУ Қылмыстық құқық, Қылмыстық іс жүргізу және процесс кафедрасының жасап жатқан іс-шараларының бір бөлігі ғана. Алдағы уақытта осындай ауқымды іс шаралар өз жалғасын таба береді деген сенімдемін. Әр тұлға осындай кішігірім әрекеттер жасау арқылы үлкен мақсаттарға жетіп, үлкен белестерді бағындыра бермек.

Бисенова М.Қ

Атаханова Г.М

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті  қылмыстық құқық,қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушылары

Турарбек Мадияр

Заң факультетінің студенті

Рекомендовать
Последние новости