Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ рөлі

Dalanews 16 окт. 2023 04:11 965

Салауатты өмір салты біздің өміріміздің ажырамас бөлігі болып табылады. Ол бізге физикалық және психикалық салауаттылықты сақтауға көмектеседі, мақсаттарымызға жету үшін күш пен қуат береді.

Барлық жастағы адамдардың салауатты өмір сүруін қамтамасыз ету және әл-ауқатын арттыру өркендеген қоғамды құру үшін маңызды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы «Әділет» студенттік ғылыми клубымен біріге отырып, аталған SDG-дің 3 мақсатын «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» жүзеге асыру аясында Есік көліне табиғатқа саяхат ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты – қоршаған ортыны танып-білу, табиғи ресурстарға қамқорлық жасау және белсенді демалыс өткізу арқылы студенттер арасындағы қарым-қатынасты нығайту.

Есік – ерекше әсем табиғатпен, қалың ормандармен және кең гүлді алқаптармен қоршалған көркем, биік таулы көл. Көл теңіз деңгейінен 1760 метр биіктікте, Іле Алатауының Есік шатқалында, Алматыдан шығысқа қарай шамамен 70 км жерде орналасқан.

Студенттің өмірі тек оқумен ғана шектелмейді. Бұл сондай-ақ қызықты, жарқын және оқиғаларға толы кезең. Осы таңғажайып өмірдің әрбір сәтінен ләззат алу маңызды, өйткені студенттік жылдар – өмір бойы бізбен бірге қалатын құнды тәжірибе және қымбат естеліктер.

 

Заң факультетінің 1-курс магистранты А.С.Қобландина


Жетекшілері: з.ғ.к., профессор-Г.М. Атаханова


з.ғ.к., доцент-М.Қ. Бисенова


Рекомендовать
Последние новости