Энергетика министрлігінің жұмысында заң бұзушылықтар анықталды - Бас прокуратура мәлімдеме жасады

Қаракөз Амантай 28 мая 2024 10:31 2558

Энергетика министрлігі инвесторға жобаны мақұлдау мерзімін кешіктірген, деп хабарлайды Dalanews.kz.

“Бас прокуратура мен “Kazakh Invest” ҰК АҚ (жедел топ) бірлескен жұмысы аясында Батыс Қазақстан облысында метанол өндіру бойынша газ-химиялық кешен құрылысы жобасын жүзеге асырушы отандық инвестордың мәселесі анықталды. Энергетика министрлігі заң талаптарын бұза отырып (15 жұмыс күнінің орнына) инвестициялық келісім жобасы бойынша келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссия құруды 60 күнге кешіктірді”, – делінген Бас прокуратура таратқан хабарламада.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша бұзушылықтар үшін Энергетика министрлігі департаментінің директоры тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Жауапкершілікке тартылған директордың аты-жөні мен заң бұзушылыққа жол берген бөлімнің аты-жөні хабарланбайды.

Прокурорлар еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыруға және инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталғаны аталып өткен. Бүгінгі таңда прокурорлар инвесторлардың 218 проблемалық ісін шешті.


Рекомендовать
Последние новости