Досаев Алматы тұрғындарына тағы бір уәде берді

Қаракөз Амантай 31 янв. 2024 10:04 1984


Алматы әкімі Ерболат Досаев қала тұрғындарына тротуарларды жарықтандыр мәселесін қалпына келтіруге уәде берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.


Әкім Алмалы ауданы тұрғындарының сауалдарына жауап бере отырып, қаладағы сыртқы жарықтандыру сапасының мәселесіне басымдық берілетінін атап өтті.



"Көптеген сот процесінен кейін жарықтандыру жүйесі қаланың меншігіне қайтарылды. Белсенді жұмыстар өткен жылдың тамыз айында басталды. Біріншісі - Алмалы ауданы болса, қазан айынан бастап жеті аудан жарық мәселесі бойынша жұмыс істей бастады. Биыл 40 шақырымға жуық желіні ауыстырамыз. Сонымен қатар 5 мыңнан астам жаңа жарық нүктесін саламыз. Атап айтқанда, көшелерді ғана емес, жаяу жүргіншілер жолын дажарықтандыруға баса назар аударамыз”, - деді Ерболат Досаев.



Өз кезегінде Алмалы ауданының әкімі Айдар Жәкібаев биыл негізгі үш көшеде - Абай даңғылы, Төле би және Абылай хан көшелерінде жарықтандыру қалпына келтірілетінін жеткізді.


2023 жылдың 8 желтоқсанында Алматы әкімі қалада сыртқы жарықтандыру мәселесі 2025 жылы толығымен шешілетінін алға тартқан болатын.



Рекомендовать
Последние новости