Құтқарушыларға қауіп төніп тұр: Майқайыңдағы апатқа байланысты жаңа деректер пайда болды

Қаракөз Амантай 31 янв. 2024 09:35 8181


Бүгінде Майқайыңдағы ойық түбін қазу жұмыстары әлі де жалғасуда. Алайда жағдай мәз емес. Себебі құтқарушылар ойық түбіне қосымша техника түсіре алмай, дабыл қағуда, деп хабарлайды Dalanews.kz.


Айтуларынша, шұңқыр шетіндегі топырақ жынысы жиі-жиі опырылып, құлап жатыр.


Жұмыс барысында құтқарушылар топырақ арасынан автобусқа тиесілі бірнеше ұсақ бөлшекті қазып шығарды. Ал шағын экскаваторлар шамамен автобус құлаған жерді сақтықпен қазып, жол салып жатыр.


Өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, ойық шетінен топырақтардың құдауы құтқарушылардың өміріне қауіп төндіріп тұр. Сол себепті жұмыс бәсеңдеп жатқанын алға тартты.



“Шұңқыр түбіне бір немесе екі шағын экскватордан артық техника түсіру мүмкін емес. Ал техникалардың бағытын сыртынан үйлестіріп тұру үшін ол жерде бірнеше маман ғана бола алады. Өзге құтқарушылар ойықтағы процесті ұдайы бақылап, үйінді құлай қалған жағдайда төмендегілерді тартып шығуға дайын отырады. Барлық техника мен адамдар арнайы темір арқандарға жалғанған” - деп мәлімдеді олар.



Іздестіру-құтқару жұмыстарына барлығы 138 адам, 40 бірлік техника, 3 кинологиялық есеп және 2 дрон жұмылдырылды.



Рекомендовать
Последние новости