"Мемлекет барлық шығынды көтере алмайды". Қуантыров МӘМС-ке қатысты қатты айтты

Сағыныш Сардарова 31 янв. 2024 09:32 1791


Денсаулық сақтау министрлігі МӘМС жүйесіне жарнаны бес есе арттыру туралы мәселені қарастырып жатыр. Бұл жалақысы 850 мың теңгеден асатын қызметкерлерге қатысты болады. Мұндай құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Кеше Үкіметтегі баспасөз мәслихатында Ұлттық экономика министрлігінің басшысы Әлібек Қуантыров осы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.


Шенеунік мемлекет бүкіл әлеуметтік шығынды көтере алмайды деген пікірде. 



"Менің ойымша, бұған біртіндеп келу керек, өйткені мемлекет барлық әлеуметтік шығынды көтере алмайды. Біз әлеуметтік бағдарланған мемлекетпіз, ал бізде мемлекеттік бюджеттің 50 пайыздан астамы әлеуметтік шығынға жұмсалып отыр. Бірақ дамушы елдерде де, дамыған елдерде де бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі болуы керек екені түсінікті және бұл ең алдымен жұмысшыларға қажет. Сонда ғана олар қорғалады, сақтандырылған кезде төлем де көбірек болады", - деді Қуантыров.



Сонымен қатар, министрден жалақысы 850 мың теңгеден асатын қазақстандықтарға жарнаны ұлғаютуға көзқарасы қандай екені сұралды. Шенеунік бұған түсіністікпен қарайтынын жеткізді.



"Мен бұған жақсы қарайды деген сөз емес. Мен оған түсіністікпен қараймын. Бірақ, әрине, бизнеске жүктемені де ескеру керек", - деді ол.



Айта кетейік, заң жобасы қабылданған жағдайда 2024 жылы жұмыс берушілер үшін МӘМС-ке ең жоғары аударым 127 500 теңгеге дейін, ал жалдамалы қызметкерлер үшін жарна 85 000 теңгеге дейін өседі. Бұл норманы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізу ұсынылып отыр.



Рекомендовать
Последние новости