Таксишылық – жалпыұлттық мәселеге айналды – вице-министр

Нұрлан Жұмахан 31 янв. 2024 10:50 3578


Қазір курьерлік мен таксишылық халықтың негізігі кәсібіне айналғаны жасырын емес. Мұны күні кеше ғана ҚР Парламенті қабырғасында журналистердің сұрағына жауап берген ҚР Қорғаныс вице-министрі Сұлтан Камелетиденов те мойындады, – деп хабарлайды Dalanews.kz.


Әскери қызметшілердің жағдайы жайында сұраған әріптесіміз "Біраз әскери қызметшілер жұмыстан кейін жеке көліктерімен таксишылық қызмет атқаратынын білеміз. Сонда олар қай уақытта демалады?" деген сұраққа вице-министр қашпай тура жауап берді.



–  Бұл мәселе жайында кесімді пікір айта алмаймын. Біздің министрлік Үкімет бекіткен қаржы бойынша әскери қызметшілерге ақы төлейді. Иә, кез келген әскери қызметші жұмыстан шыққаннан кейін демалуы керек. Өкінішке орай, әскерилер қызметі аяқталғаннан кейін таксишылық айналысатынын білемін. Бұл қазір жалпыұлттық мәселе болып тұр, – деп Камелетиденов мырза көкейдегі ой-пікірін ірікпей айтты.



Рас, вице-министрдің ойын ірікпей айтқанына риза болдық.


Қазір жалғыз әскери қызметшілер ғана емес, ұстаздар мен мемлекеттік қызметшілер де негізгі қызметінен қолы босағанда рульге жармасып, таксишылықпен айналысатыны бәріміз білеміз. Әрине, жұрт ешкім жетіскеннен такси болып жүрмегені анық.


Егер премьер Әлихан Смайлов Яндек таксидің базасына үңілсе, таксишілердің біразы өзінің әріптестері екенін байқаған болар еді.


Сондықтан тура сұраққа тура жауап қайырған Қорғаныс вице-министрі Сұлтан Камелетиденовке ризамыз.


Кезінде атамыз халықтың тұрмысын түзеуді екі сиырмен байланыстыры емес пе? Ал мұның жанында таксишылығыңыз тәп-тәуір кәсіп қой.


Айтпақшы, біз айтпасақ та, Үкімет көлігі бар мемқызметкерлердің таксишылықпен айналысып жүргенін жақсы білетін сияқты.



Жыл басында Қаржы вице-министрі Ержан Бірімжанов алдағы уақытта таксист пен курьерлердің жұмысын салық салатын жаңа режим пайда айтып, сүйінші сұрады. Үкімет бюджеттің бүйірін шығаруда таксишылық пен курьерлікті мұнайдан кейінгі екінші орынға қойса керек.



Олигархтарға азуы батпаған Қаржы министрлігі енді таксист пен курьерлерге қарсы "охотаны" бастап кеткендей. Жақын күндері Яндекс такси қосымшасы жүздеген мың таксистерді қойдай көгендеп, Үкіметке ұстап берсе, таңқалмаңыз.


 



Рекомендовать
Последние новости