Джей Лоның концертіне барғысы келген екі қазақстандық сан соғып қалды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Алматыда Дженнифер Лопестің концертіне жалған билеттер сатқан күдікті ұсталды.
Тергеу барысында күдікті интернет платформалардың бірінде хабарландыру жариялап, концертке екі жалған билет сатқаны белгілі болды.
"Осындай жағдайларға тап болмау үшін билеттерді тек ресми сайттардан немесе сенімді кассалардан сатып алуды ұсынамыз", - деді Алматы қаласы ПД киберқылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Еркебұлан Қойшыбаев.
Алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды.