Бұл жайында аймақтың 2025 жылға дейінгі құрылыс жоспарын іске асыруды талқылаған жиында өңір басшысы Даниал Ахметов мәлім етті.
Әкімнің ақпаратына сай қазіргі таңда 170-ке жуық тұрғын-үйдің жобалық-сметалық құжаттамасы әзірлену үстінде. Бұл шамамен – 650 мың шаршы метрден астам тұрғын үй.
"Биылғы жылы облыстағы құрылыс қарқыны Тәуелсіздік тарихында алғаш рет миллион шаршы метрден асып жығылды. Бұл ауыз толтырып айтуға тұрарлық жетістік. Әсіресе, Семей қаласына құмбыл көңіл бөлудеміз. Бұл шешім өзін-өзі ақтады.
Құрылыс жұмыстарының қарқыны бойынша биылғы жылы Семей қаласы Өскеменді артта қалдырды. Алайда мұнымен тоқтап қалуға болмайды, өзі жүрістан жаңылмай, алдағы жылдарға жүйелі жоспар құру қажет», - деді Даниал Ахметов.
Әкімнің айтуынша, «Бірқабатты Шығыс» жобасы аясында коммерциялық және несиелік үйлер көптеп салынуда. Тұрғындар арасында ол үйлерге сұраныс жоғары.
«Алдағы жылы бірінші болып қаржыландыруды биыл жақсы нәтиже көрсеткен аудандар алатынын атап өткім келеді. Сондай-ақ еліміздің басқа қалалары мен облыстарындағы құрылыс компанияларын қайта тартуға дайынбыз. Әлеуметтік және мәдени объектілер салуды жоспарлау, оның ішінде барлық қажетті инженерлік коммуникацияларды жүргізуге 2023 жылы қосымша қанша қаржы қажет екенін есептеу керек. Осы қарқынды бәсеңдетпей, 2022-2025 жылдар аралығында жыл сайын кеміне 700 мың шаршы метр тұрғын үй салу көзделіп отыр», - деді Даниал Ахметов.